Компания туралы

«Chem-Invest» ЖШС 2006 жылы құрылып, мұнай кәсіпшілігіне, бұрғылауға арналған және басқа да химиялық реагенттерді жеткізумен және өндірумен айналысатын 100% Қазақстандық кәсіпорын болып табылады. Қазіргі уақытта «Chem-Invest» ЖШС-нің Атырау қаласында мұнай кәсіпшілігі химиясын өндіру зауыты және Орал қаласында минералдық тыңайтқыштарды өндіру зауыты (Н-П-К), сусымалы реагенттерді ЖКР-ге өлшеп орау цехы бар. Компания «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ-ның бірыңғай тізілімінде тауарлармен және қызметтермен әлеуетті қамтамасыз етуші ретінде және отандық тауар өндіруші ретінде тіркелген.

Ұсынылатын сервис пен тауарды үнемі жақсартып отыру мақсатында компания химия өнеркәсібі саласындағы әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастық құрған.

«Chem-Invest» ЖШС-нің клиенттері Халлибуртон Интернешнл Инк. Филиалы, Эм-Ай Дриллинг Флюидз Интернешнел Б.В. Филиалы, Kaz M-I ЖШС, Бейкер Хьюз Сервисез Интернэшнел, Инк. Корпорациясының Филиалы, «ҚазМұнайГаз» БӨ, MH-Industry ЖШС және т.б. компаниялар болып отыр.

Біздің көзқарасымыз – Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі мен аграрлық секторы үшін материалдармен және қызметтермен ең үздік, озық әрі жауапты қамтамасыз етуші болу.

Компания аккредитацияланған және оның мынадай сәйкестік сертификаттары мен лицензиялары бар:

  • ИСО 9001-2009 ҚР СТ
  • ИСО 14001-2006 ҚР СТ
  • OHSAS 18001-2008 ҚР СТ
  • Химиялық өндірістерді іске пайдалануға лицензия
  • Уларды өндіруге, қайта өңдеуге, сатып алуға, сақтауға, іске асыруға, пайдалануға, жоюға лицензия
  • Прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметке лицензия.

Біз «Оралкалий» ААҚ-ның және Dow Europe компаниясының Қазақстандағы ресми өкілдері болып табыламыз.

Бұрғылау ерітінділеріне арналған негізгі химиялық реагенттер

Мұнай-газ өнеркәсібінде бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде жасалатын жұмыстардың сапасын арттыра алатын бұрғылау ерітінділерінің құрамына кіретін негізгі және қосымша химиялық реагенттер қажет етіледі.

Біз бұрғылау ерітінділерін дайындауға арналған әр түрлі химиялық реагенттерді тікелей өндірушілерден ұсынамыз. Біз әр түрлі жұмыс сұлбаларын қарастырамыз, соның ішінде біздің клиенттеріміз үшін химреагенттерді қоймада сақтауды ұйымдастыру, құрғақ химиялық реагенттерді тапсырыскердің формуласы бойынша араластыру және «бір қаптың ішіндегі бұрғылау ерітіндісі» деген өнімді дайындау бар.

Өнімдер:

  • Хлорлы калий
  • Барит концентраты
  • Кальцийлендірілген сода
  • Күйдіргіш сода
  • Хлорлы натрий (Техникалық тұз)
  • Кальций карбонаты
  • Сөндірілген әктас
  • Және т.б.

Мұнай өндіру химиясы

Химия өнімдерінің нарығында тұрақты түрде сұранысқа ие болып отырған мұнай кәсіпшілігінің химиялық реагенттерін жеткізу үшін Атырау қаласындағы мұнай-химия кешенінің аумағында орналасқан, оларды өндіретін цехтың жұмысы жолға қойылды.

Мұнай кәсіпшілігінде химиялық реагенттердің тиімді пайдаланылуы үшін біздің компания тапсырыскердің өндіру жүйесін зерттеу, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар өткізу, мұнай кәсіпшілігінде химиялық реагенттердің тиімді пайдаланылуына мониторинг жүргізу бойынша қызмет көрсету үшін инженерлердің іссапармен баруын ұйымдастырады.

Өнімдер:

  • Деэмульгаторлар
  • Коррозия ингибиторлары
  • Күкіртсутекті жұтқыштар
  • Шөгінді түзілуінің ингибиторлары және шөгінділерді еріткіштер
  • Биоцидтер
  • Парафин шөгінділерінің ингибиторлары
  • Суды жарықтандырғыштар
  • Көбікбасқыштар
  • Гидрат шөгінділердің ингибиторлары
  • Және т.б.

Газтурбинді қозғалтқыштарды тазартуға арналған химиялық реагенттер

Ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің сұрыпталымын кеңейту шеңберінде біз барлық газтурбинді қондырғылар үшін турбиналарды, қозғалтқыштарды және компрессорларды жууға арналған жуғыш сұйықтық өндірісінде маманданған ZOK International Group компаниясының өнімдерінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы болдық.

ZOK компаниясының бүкіл өнімдері – биологиялық жолмен ыдырайды және қауіпсіздіктің ең жоғары талаптарына сай келеді. ZOK өнімдерін Ұлыбританияның Қорғаныс Министрлігі, сондай-ақ басқа да танымал компаниялар аккредитациялаған.

  • ZOK компаниясының өнімдерін пайдалану газтурбинді қозғалтқыштың тиімділігін арттырады және күрделі жөндеудің арасындағы уақытты ұлғайтады, газ турбинасының өнімділігі мен сенімділігін жақсартады.
  • Өнім су негізінде жасалған, сондықтан ол қоршаған орта үшін қауіпсіздікке кепілдік береді.
  • Газ турбиналарының барлық негізгі өндірушілері газ турбиналарының өнімділігі мен тиімділігінің жақсаруының арқасында ZOK компаниясын өнеркәсіптің барлық секторлары үшін аккредитациялады.

Қазіргі уақытта дүние жүзінде ZOK International Group компаниясының клиенттері General Electric, Rolls Royce, Siemens, Shell, Maersk Drilling, Gazprom, Exxon Mobil, Aeroflot, Transaero, Embraer сияқты компаниялар және көптеген басқа да танымал компаниялар болып отыр, мұның өзі бұл компанияның өнімдерінің сапасын қуаттайды және Қазақстанда оған өкілдік ету біз үшін абырой.

Өнімдер:

  • ZOK 27 – газтурбинді қозғалтқыштарды тазартуға және коррозиядан қорғауға арналған қойылтылған, бейтарап, экологиялы, биологиялық жолмен ыдырайтын жуғыш сұйықтық.
  • ZOK mx – су негізіндегі, қойылтылған, өртке қауіпсіз, экологиялы, биологиялық жолмен ыдырайтын сұйықтық. Газтурбинді компрессорларды күрделі тазарту үшін арнайы әзірленген оның құрамында ZOK 27 өніміне қарағанда неғұрлым агрессивті БАЗ бар.
  • ZOK 27 GOLD – газтурбинді қозғалтқыштарды тазартуға және коррозиядан қорғауға арналған су негізіндегі, бейтарап, экологиялы және биологиялық жолмен ыдырайтын жуғыш сұйықтық.
  • ZOK mx GOLD – ZOK 27 GOLD сияқты дәл сондай өнім, бірақ жақсырақ тазарту үшін оның құрамында неғұрлым агрессивті БАЗ бар.

Өнеркәсіп су дайындау және су тазалау

Біз, әртүрлі саладағы түрлі талаптарға жауып беретін кең көлемдегі тиімді және сенімді жабдықты ұсынамыз.

Біздің компания келесідегідей салаларға суды тазалау және суды дайындау бойынша шешімдер ұсынады:

  • Өнеркәсіп өндірісі
  • Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы
  • Денсаулық сақтау
  • Үйлер мен пәтерлер
  • Мейрамханалар мен кафелер
  • Қонақ үй
  • Теңіз саяхатының кемелері
  • Бассейндер

Chem-Invest компаниясының суды тазалау технологияларына жатады:

  • Суды тазалау
  • Жұмсарту
  • Ультратазалау
  • Кері осмос
  • Медициналық және фармацевтикалық кері осмос
  • Ионсыздандыру
  • Зарарсыздандыру
  • Бақылау өлшеу аспаптары және жүйелері
  • Сарқынды суды тазалау
  • Химиялық өндеу, мобильді және контейнерлік жүйелері.

 

 

Мұнай-газ өнеркәсібінде ілеспе газды тазартуға арналған химиялық реагенттер

  • МДЭА – метилдиэтаноламин – улы химиялық реагенттерге жатады және мұнай-газ өнеркәсібінде ілеспе газды тазарту кезінде қолданылады.
  • ДЭА – диэтаноламин, мұнай-газ өнеркәсібінде ілеспе газды тазарту кезінде кеңінен пайдаланылады. The Dow Chemical Company компаниясының қолдауымен Қазақстанда өндіруге мүмкіндігіміз бар.

 

 

N-P-K кешенді минералдық тыңайтқыштарды өндіру

Құрамында микроэлементтері бар (N:P:K, тыңайтқыш қоспалары) кешенді азот-фосфор-калий тыңайтқыштары барлық егістік дақылдарын олардың өсуі мен дамуы үшін қажетті барлық қорек құрамдастырмен қамтамасыз етеді және алынатын өнімнің сапалық сипаттамаларының жақсаруына себептеседі.

N:P:K-тыңайтқыштарды дайындау жұмысы кешенді тыңайтқышты қолданғаннан кейін одан ең жоғары нәтиже алуға себептесетін оның құрамдастарының пайыздық арақатынасын құру үшін, өңделетін топырақтың биохимиялық көрсеткіштері ескеріліп жүргізіледі (мысалы, N:P:K 16:16:16 немесе 16:23:23 және т.б.).

Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институтымен жасалған ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы бірлескен шарт ҒЗИ мамандарының топырақтың химиялық құрамын анықтауы үшін топырақтың сынамаларын алуға және талдауға мүмкіндік беріп отыр.

N:P:K-тыңайтқыштарды қолданудың артықшылықтары, жай тыңайтқыштармен салыстырғанда, мынада:

  • ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы айтарлықтай жоғарылайды; бұл тыңайтқыш оны қосқан кезде шығымдылықтың деңгейін белгілеу мүмкін болатын тыңайтқыштардың бірегей түрі болып табылады.
  • стандартты тыңайтқыштарды қолданған жағдаймен салыстырғанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге кететін шығыс азаяды;
  • тыңайтқыштарды бір мезгіл салу мүмкіндігі бар;
  • өнімнің сапасы жақсарады және құрамында зиянды заттардың (бірінші кезекте нитраттардың) мөлшері азаяды;
  • тыңайтқыштарды толық пайдаланудың есебінен топырақтың қышқылдануы төмендейді.

Біздің жабдығымыздың өнімділігі – сағатына 20 т дайын өнім.

500-2000 кг ЖКР-ге өлшеніп салынады.

Ауыл шаруашылығына арналған калийлі минералды тыңайтқыштар

Хлорлы калий – қойылтылған минералды тыңайтқыш, ол ауыл шаруашылық дақылдары үшін таптырмайтын калий көзі болып табылады, оны топыраққа салған кезде өсімдіктердің қатқаққа, қуаңшылыққа және зиянды жәндіктерге төзімділігі артады. Хлорлы калий дұрыс калий қорегін қамтамасыз етеді, азоттың сіңу жылдамдығын арттырады, ұлпалардың мықтылығын арттырады, өсімдіктердің функционалдық жүйесін жақсартады.

Қазіргі уақытта біз Қазақстанда бұл өнімнің аса ірі импорттаушысы болып отырмыз.

800-2000 кг ЖКР-ге өлшеніп салынады.

Өндірістік қуаттылықтар

  • Атырау қаласындағы мұнай кәсіпшілігі химиясын өндіру цехы
  • Орал қаласындағы N-P-K тыңайтқыштарды (тыңайтқыштардың қоспаларын) өндіру цехы
  • Орал қаласындағы өлшеп орау цехы

2014 жылдың қыркүйегінде біздің компания өнімділігі сағатына 120 т қазіргі заманғы Голланд жабдығында Мұнай-газ және агроөнеркәсіп салаларына арналған сусымалы химиялық реагенттерді 500 кг - 2000 кг ЖКР-ге өлшеп орау цехын іске қосты. Негізгі артықшылықтары жұмыстарды автоматтандырудың қамтамасыз етілуінде, өнім мен дайын шикізаттың сапасына қатаң бақылау жасалуында жатыр. Өнімділігі сағатына 120 т дейін жететін бункер-қабылдаушы бар, бұл сусымалы жүктерді қабылдап, содан соң ЖКР-ге өлшеп орауға мүмкіндік береді.

  • Қойма үй-жайлары: Атырау қаласы (270 ш.м), Орал қаласы (210 ш.м), Қостанай қаласы (720 ш.м)
Жоғары

Ұсынылып отырған өнімдерді өндіруші компаниялар

Culligan компаниясы өз саласында әлемдік рыноктың 40% жабатын су тазалау және су дайындау бойынша әлемдік кошбасшысы болып табылады. www.culligan.by
«Уралкалий» ААҚ - әлемдегі жетекші калий өндіруші, хлорлы калий өндіру бойынша әлемде бірінші орынға ие. www.uralkali.com
The Dow Chemical Company – әлемдегі аса ірі диверсияланған химия компаниясы. www.dow.com
  • Қазақстан Республикасы, 090000, БҚО, Орал қ., Скоробогатов көш., 106/1, 7 офис
  • Телефон/факс: +7 (7112) 24-88-99
  • Email: info@chem-invest.kz

form-mail

Қайта байланыс
Толтыру ушін қажетті ұяшық
captcha